ESG саясаты аясында Alatau City Invest қаржылай сауаттылық саласында бастама көтеріп,
Academy для населения Казахстана.
деп аталатын Қазақстан халқына тегін қаржылай сауаттылықты үйретуге бағытталған жобаны іске қосты. Бүгінгі күнде жоба республика бойынша
21 мектепте жұмыс істеп тұр.
Күн сайын Alatau City Invest-тің
1000-нан астам клиенті Academy-де білім алып жатыр.Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар мен әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда инвестициялау тиімді табыс көзі екені ешкімге сыр емес. Бірақ, Қазақстанда бұл сала әлі лайықты бағасын алып үлгермеді. Өйткені, ҚР экономикалық белсенді халқының бар-жоғы 2% ғана құнды қағаздарға ақша салады. Басқа елдермен салыстырып қарайтын болсақ, мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 55% құрайды, Ұлыбритания мен Жапонияда халықтың 32% инвестиция жасаумен айналысады, ал Ресейде 10%-дан асты. Сәйкесінше, біз инвестиция жасағысы келетіндер негізінде көп екенін түсінеміз және де оларды тегін үйретіп, инвестиция жасау әркімнің қолынан келетін іс екенін көрсеткіміз келеді.