Осы арқылы сіздерге 2026 жылғы 23 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы Қоғамның орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Қоғам Жарғысына енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден өткізгенін хабарлаймыз.
Қоғамның жаңа орналасқан жері:
A05M0Y7, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 502-үй.
Осыған байланысты хат-хабарларды жолдау, шарттарды, бухгалтерлік және өзге де құжаттарды рәсімдеу кезінде біздің жаңа мекенжайымызды көрсетуіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, Қоғамның орналасқан жерінің өзгеруі клиенттерге қызмет көрсету шарттарына, сондай-ақ контрагенттермен жұмыс істеу тәртібіне әсер етпейтінін хабарлаймыз.
Қолданыстағы шарттық міндеттемелер, қызмет көрсету талаптары, сондай-ақ Қоғамның өзге де деректемелері, оның ішінде бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік шот нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және байланыс телефон нөмірлері өзгеріссіз қалады.