logo
  • Тарифтeр
  • Academy
  • ИПҚ-лар
  • Зейнетақы активтері
  • Блог
  • Сұрақтар мен жауаптар
  • Көбірек
    • Junior
    • Аналитика
    • Инвестору
    • Веб-платформа
    • Шотты толтыру
    • Мобильді қосымша
    • Акция сыйлау
    • Корпоративті әрекеттер
    • Демо-шот
    • Radar
    • Ақпарат
    • Компания туралы
    • Жаңалықтар
    • Құжаттар
    • ESG
    • Байланысу үшін
  • RU
    русский
  • KZ
    қазақша
Шот ашу
Мәзір
Тарифтeр
Academy
ИПҚ-лар
Зейнетақы активтері
Блог
Сұрақтар мен жауаптар
Junior
Аналитика
Инвесторға
Веб-платформа
Шотты толтыру
Мобильді қосымша
Акция сыйлау
Корпоративті әрекеттер
Демо-шот
Radar
Компания туралы
Жаңалықтар
Құжаттар
ESG
Байланысу үшін
Шот ашу
qr

Камераны QR-кодқа қаратыңыз

Alatau City Bank мобильді қосымшасын жүктеп алу үшін

qr
Alatau City Bank қосымшасын жүктеңіз
Халықаралық нарықтарда брокерлік шот ашу мүмкіндігі бар
Қосымшаны жүктеу
Инвесторға
  • Шотты толтыру
  • Тарифтер
  • Мобильді қосымша
  • Типтік формалар
  • Academy
  • Radar
  • Журналдар
  • Сауда платформасы
ИПҚ-лар
  • ИПҚ-лар қалай жұмыс істейді?
  • allGA
  • allEM
  • harMONEY
  • doSTAR
Зейнетақы активтері
  • Зейнетақы активтері туралы не білу керек?
  • «Alatau City Invest» АҚ беру артықшылықтары
  • Инвестициялау стратегиясы
  • Табыс
  • Жиі қойылатын сұрақтар
Ақпарат
  • Компания туралы
  • Құжаттар
  • Басқару
  • Қаржы есебі
  • ОҰӨ есебі
  • Нарыққа шолу
  • Жаңалықтар
  • ESG
  • Комплаенс
  • Байланысу үшін
  • Сұрақтар мен жауаптар
  • Блог
  • Шотты толтыру
  • Тарифтер
  • Мобильді қосымша
  • Типтік формалар
  • Academy
  • Radar
  • Журналдар
  • Сауда платформасы
  • ИПҚ-лар қалай жұмыс істейді?
  • allGA
  • allEM
  • harMONEY
  • doSTAR
  • Зейнетақы активтері туралы не білу керек?
  • «Alatau City Invest» АҚ беру артықшылықтары
  • Инвестициялау стратегиясы
  • Табыс
  • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Компания туралы
  • Құжаттар
  • Басқару
  • Қаржы есебі
  • ОҰӨ есебі
  • Нарыққа шолу
  • Жаңалықтар
  • ESG
  • Комплаенс
  • Байланысу үшін
  • Сұрақтар мен жауаптар
  • Деректерді жинау мен өңдеуге келісім
  • Дисклеймер
whatsapp+7 700 026 7711 WhatsApp
whatsapp+7 700 026 7711
mail[email protected]
instagraminstagramtelegramtelegramyoutubeyoutube
ДисклеймерМәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беру
“Alatau City Invest” Акционерлік Қоғамы 2004–2026 ҚНРДА №3.2.239/16 лицензиясы, 22.08.2025 жыл
qr

Камераны QR-кодқа қаратыңыз

Alatau City Bank мобильді қосымшасын жүктеп алу үшін

  1. Басты бет
  2. |
  3. Блог
  4. |
  5. Қор нарығы: оның жұмыс істеу тәртібі және инвесторға берер пайдасы

Қор нарығы: оның жұмыс істеу тәртібі және инвесторға берер пайдасы

Қор нарығы: оның жұмыс істеу тәртібі және инвесторға берер пайдасы
Инвестициялар туралы негізгі білім
2026 25 тамыз
Автор
Анатолий Строганов

Содержание:

  • Қор нарығы дегеніміз не: қарапайым тілмен
  • Қор нарығы қалай ұйымдастырылған және қалай жұмыс істейді
  • Қандай бағалы қағаздар мен инвестициялық құралдар болады
  • Инвестицияның артықшылықтары мен тәуекелдері
  • Банктік депозитпен салыстырғандағы инвестицияның артықшылықтары
  • Фонд нарығын кім бақылайды және инвесторларды қалай қорғайды?

Қор нарығы дегеніміз не: қарапайым тілмен

Қор нарығы қарапайым тілмен айтқанда – бұл инвесторлар бағалы қағаздарды сатып алып, сататын ұйымдастырылған сауда алаңы. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде қалыптасады. Бұл нарықта әртүрлі қаржы құралдары айналымда болады: компаниядағы үлес пен оның пайдасына құқық беретін акциялар; эмитенттердің қарыздық міндеттемелерін білдіретін облигациялар; дайын активтер портфеліне инвестиция салуға мүмкіндік беретін инвестициялық қорлардың пайлары.

Қор нарығының негізгі қызметі – бос қаражаты бар тұлғалардан қаржыландыруға мұқтаж бизнеске капиталды қайта бөлу. Мұндай механизм экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, жеке адамдарға өз жинақтарын перспективалы активтерге салып, табысты компаниялардың пайдасына қатысу мүмкіндігін береді.


Қор нарығы қалай ұйымдастырылған және қалай жұмыс істейді

Қор нарығының қатысушылары: брокерден бастап депозитарийге дейін

Қор биржасының жұмысын бірнеше негізгі қатысушылар қамтамасыз етеді. Әрқайсысы нақты міндетті орындайды:

  1. Инвестор — жүйенің соңғы пайдаланушысы. Ол инвестициялық шешім қабылдап, арнайы қосымшалар арқылы өтінім береді.
  2. Брокер — жеке тұлғалар мен биржа арасындағы міндетті делдал. Саудаға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, операцияларды орындау үшін техникалық инфрақұрылым ұсынады.
  3. Биржа — сауда процесін ұйымдастырады, сатып алушылар мен сатушылардың өтінімдерін түйістіріп, сауда ережелерін белгілеп, олардың орындалуын бақылайды.
  4. Клиринг орталығы — мәмілелер бойынша есеп айырысулардың кепілді орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Депозитарий — бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алып, сауда аяқталғаннан кейін активтердің иелік құрылымындағы барлық өзгерістерді тіркейді.

Бұл жүйенің әр буыны өз саласына жауап береді, осылайша бүкіл нарық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.


Жеке тұлға үшін нарыққа кіру жолы: делдал арқылы қолжетімділік

Жаңадан бастаған инвестор үшін нарыққа кіру кезеңдерін нақты білу маңызды. Жеке тұлға қор нарығына тек лицензиясы бар брокер арқылы кіре алады.

Қадамдар:

  1. Сенімді брокерді таңдау — лицензиясының бар-жоғын тексеру, тарифтері мен сауда қосымшасының мүмкіндіктерін зерттеу.
  2. Брокерлік шартқа қол қою және бағалы қағаздармен сауда жасауға арналған арнайы есепшот ашу.
  3. Есепшотты толықтыру — бағалы қағаз сатып алуға қажетті қаражат енгізу.
  4. Саудаға қатысу — осыдан кейін ғана инвестор брокердің мобильді қосымшасы арқылы өтінім беріп, инвестиция жасай алады.

Қандай бағалы қағаздар мен инвестициялық құралдар болады

Акциялар, облигациялар, қорлар — айырмашылықтары қандай

Қор нарығын жаңа бастап жүргендер үшін акциялар, облигациялар мен қорлар арасынан таңдау бастапқыда қиын көрінуі мүмкін. Дұрыс шешім қабылдау үшін әр құралдың ерекшелігін, олардың тәуекел деңгейімен және инвестордың мақсатына сәйкестігін түсіну қажет.

Қор нарығында үш негізгі инвестициялық құрал бар, олардың әрқайсысының өз артықшылығы мен ерекшелігі бар:

  • Акциялар — компаниядағы үлесті білдіреді және акционерлерге пайдадан дивиденд түрінде үлес алуға, сондай-ақ акционерлер жиналысында дауыс беру арқылы компанияны басқаруға қатысуға мүмкіндік береді.
  • Облигациялар — эмитенттердің қарыздық міндеттемесі. Белгіленген мерзім ішінде тұрақты пайыз (купон) төленеді және өтеу кезінде номиналдық құны қайтарылады.
  • Инвестициялық қор пайлары — бір мезгілде бірнеше активке инвестиция салуға мүмкіндік береді. Бұл портфельді кәсіби басқаруды қамтамасыз етеді және диверсификация арқылы тәуекелді азайтады.

Негізгі айырмашылық табыс пен тәуекелдің арақатынасында:

  • акциялар — құбылмалылығы жоғары, бірақ табысы да жоғары болуы мүмкін;
  • облигациялар — тұрақты әрі болжамды;
  • қорлар — осы екі қасиетті теңгерімді үйлестіреді.

Қай инвестициялық құралды таңдау керек

Инвестициялық құралды таңдау бірнеше негізгі факторға байланысты, олар әр инвестордың стратегиясын айқындайды:

  1. Уақыт горизонты маңызды рөл атқарады. Қысқа мерзімге — көбіне консервативті облигациялар қолайлы. Ал ұзақ мерзімді инвестициялар — акциялардың өсу әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен, біз қысқа мерзімді салымдарды ұсынбаймыз. Себебі облигациялар бойынша табыс абсолюттік мәнде аз болуы мүмкін, ал комиссия оның көп бөлігін «жеп қоюы» ықтимал. Акциялар жағдайында да қауіп жоғары: егер болжам қате болса, бағалы қағаздардың бағасы қайта қалпына келуіне уақыт жетпеуі мүмкін. Сондықтан ұсынылатын инвестициялау мерзімі – кемінде 6 ай және одан жоғары.
  2. Қаржылық мақсаттар да маңызды. Кейбір инвесторлар үшін тұрақты табыс (купондар мен дивидендтер) басым, ал басқалары капиталды көбейтуге, яғни активтердің бағасы өсуінен пайда алуға ұмтылады.
  3. Жеке тәуекел-профиль шешуші фактор. Консервативті инвесторлар – тұрақты облигацияларды, орташа деңгейдегі инвесторлар – теңгерімді қорларды, ал тәуекелге бейім инвесторлар – өсім қарқыны жоғары акцияларды таңдайды.
  4. Капитал көлемі де елеулі рөлге ие. Шағын соманы әртараптандырылған қорларға салу тиімді болса, ірі капитал түрлі құралдардан жеке портфель құруға мүмкіндік береді.

Инвестицияның артықшылықтары мен тәуекелдері

Инвестиция әрқашан белгілі бір тәуекелмен байланысты — толық «қауіпсіз» құралдар болмайды. Негізгі тәуекелдер түрлері:

1. Нарықтық тәуекел

Акциялар – дағдарыстар, компаниялардың нашар есептілігі немесе саяси тұрақсыздық салдарынан бағалардың төмендеуі.

Облигациялар – пайыздық мөлшерлемелердің өсуі облигация бағасының түсуіне әкеледі.

2. Кредиттік тәуекел

Эмитенттің төлем қабілетсіздігі тәуекелі

3. Өтімділік тәуекелі

Активті қысқа уақытта әділ бағамен сата алмау.

Бұл тәуекел әсіресе жылжымайтын мүлік, венчурлік инвестициялар мен өтімділігі төмен акцияларға тән.

4. Инфляциялық тәуекел

Бағаның өсуі инвестицияның нақты табыстылығын төмендетуі мүмкін, тіпті номиналды табыс болған жағдайда да..

5. Пайыздық тәуекел

Ұлттық банктің мөлшерлемелері мен тәуекелсіз құралдардың табыстылығы өзгерсе, облигациялар мен басқа активтердің құнына әсер етеді.

6. Саяси және заңнамалық тәуекелдер

Санкциялар, ұлттықтандыру, салық заңнамасындағы өзгерістер, валюталық шектеулер.

Бұл тәуекел әсіресе дамушы елдердегі инвестициялар үшін маңызды.

7. Операциялық тәуекел

Брокерлік қателіктер, кибершабуылдар, сауда жүйелеріндегі ақаулар немесе алаяқтық.

8. Мінез-құлық (психологиялық) тәуекел

Нарықтағы дүрбелең, инвесторлардың «тобырлық» әрекеті, эмоциялық қателіктер (мысалы, құлдырауда сату, шыңда сатып алу).

Шын мәнінде бұл тәуекелдер жиі бірігіп кездеседі. Оларды басқару үшін диверсификация, сенімді серіктестерді таңдау, макроэкономикалық жағдайды талдау, сондай-ақ хеджирлеу құралдарын (деривативтер, валюталық сақтандыру) пайдалану қажет.

Инвесторларға жиі кездесетін қателіктерден сақтану және шешім қабылдауда салқынқанды болу үшін сенімді ақпарат көздеріне жүгіну маңызды. Осы тұрғыда біздің Telegram-арнамыз «Alatau City Invest» аналитика нарықты бақылауға, оқиғалардың мәнін түсінуге және инвестициялық тәртіпті сақтауға көмектеседі.


Банктік депозитпен салыстырғандағы инвестицияның артықшылықтары

Ақшаны депозитке салудан гөрі бағалы қағаздарға инвестициялау капиталды көбейтудің бірқатар артықшылықтарын береді:

  • Жоғары табыс әлеуеті. Фонд нарығындағы табыстылық деңгейі банктік депозиттің пайыздық мөлшерлемесінен айтарлықтай асып түседі. Сапалы акциялар депозитке қарағанда әлдеқайда көбірек табыс әкелуі мүмкін, әсіресе долларлық депозиттерде табыстылық бар болғаны 1% деңгейінде болған жағдайда.
  • Диверсификация. Инвестор дивидендтер алып, капиталдың өсуінен пайда таба алады, сондай-ақ халықаралық нарықтарға түрлі қаржы құралдары арқылы қол жеткізе алады.
  • Төмен кіру шегі. Инвестицияны аз мөлшерден бастап, уақыт өте келе портфельді біртіндеп кеңейтуге және жеке қаржылық мақсаттарға сәйкес инвестициялық стратегия құруға болады.

Нарықты жақсырақ түсінгіңіз келе ме? Инвесторлар бір-бірімен портфельдерімен бөлісіп, қызықты қағаздарды талқылайтын және тәжірибе алмасатын Radar қауымдастығына қосылыңыз.


Фонд нарығын кім бақылайды және инвесторларды қалай қорғайды?

Фондтық биржалардың жұмысын бақылау — көпдеңгейлі талаптар жүйесі мен сауда процестерін тұрақты мониторингтен тұрады. Биржалар арнайы лицензия алып, әділ баға қалыптастыруға, сауда жүйелерінің техникалық тұрақтылығына және белгіленген ережелерді сақтауға жауап береді.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын екі негізгі орган реттейді:

  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Әрқайсысы өз құзыреті шегінде әрекет етеді. ҚНРДА-ның басты міндеті — бағалы қағаздар нарығының тұрақты жұмысын және дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.


Может быть интересно

Может быть интересно

Инвестициялар туралы негізгі білім
Динара Аканова
25 августа 2026
Инвестиция жасауды неден бастау керек: жаңадан бастаушыларға арналған қадамдық нұсқаулық
Инвестициялар туралы негізгі білім
Ая Алдабергенова
25 августа 2026
Брокерлік шот дегеніміз не: қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?