ПИФ пен ETF — ең көп сұранысқа ие ұжымдық инвестициялау құралдарының екеуі. Екеуі де инвесторға бір батырманы басып-ақ «активтер қоржынына» кіруге мүмкіндік береді, осылайша уақыт пен комиссияны үнемдейді. Бірақ олардың арасында өтімділік, ашықтық, шығындар мен салықтарға әсер ететін маңызды айырмашылықтар бар. Сондықтан сатып алар алдында ПИФ пен ETF-тің нақты айырмашылығын түсіну, әрқайсысының қай жағдайда тиімді екенін анықтау және Қазақстандағы осы қорлардың қолжетімділігін білу маңызды.
ПИФ (инвестициялық пай қоры) — басқарушы компания қолмен акциялар, облигациялар және өзге активтерден портфель құрап, күн сайын қордың таза активтерінің құнын есептейді. Инвестор пайды тікелей сол компаниядан сатып алады немесе өтейді.
ETF (Exchange Traded Fund, биржалық қор) — құрылымы әдетте индексті қайталайтын қор. Оның үлестері биржада нақты уақыт режимінде саудаланады. Портфель автоматты түрде ребаланс жасалады, сондықтан басқару шығындары әдетте жылына 1%-дан аспайды.
Қазақстанда ПИФ-ті Alatau City Invest қосымшасы арқылы немесе басқа басқарушы компаниялардан сатып алуға болады. ETF сатып алу үшін брокерлік шот қажет (мысалы, Alatau City Invest қосымшасы арқылы KASE, NYSE немесе NASDAQ биржаларына шығуға болады).
Төменде ПИФ пен ETF арасындағы айырмашылықты көрнекі түрде көрсету үшін жиынтық кесте берілген.
Өтімділік
Басқару комиссиясы
Портфельдің ашықтығы
Сатып алу тәсілі
Салық салу
Басқару
Қазақстандағы қолжетімділік
ПИФ-тердің басты артықшылығы – инвестор активтерді таңдауды толықтай кәсіби басқарушыларға тапсырады және нарықтағы баға қозғалысын бақылаудың қажеті болмайды. Сондай-ақ кіру шегі де төмен, көбіне 1 000 ₸-ден басталады. Дегенмен, олардың кемшіліктері де бар: басқару комиссиясы жоғарырақ, пайды сату процесі ұзақ уақыт алуы мүмкін және ашықтығы төмендеу.
ETF-тер керісінше құрылымының ашықтығымен, төмен шығындарымен және «кіріп-шығу» операцияларының жылдамдығымен тартымды. Сондықтан олар тәжірибелі инвесторлар арасында кеңінен қолданылады. Алайда ETF-тердің де әлсіз жақтары бар: бағасының құбылмалылығы жоғары және оларды сатып алу үшін міндетті түрде брокерлік шот қажет, ал бұл биржа жайлы базалық түсінікті талап етеді.
Егер нарықты талдаумен айналысқыңыз келмесе, шешімді мамандарға сеніп тапсырып, жай ғана инвестиция жасағыңыз келсе — ПИФ таңдаңыз.
Егер өзіңіз нарықты зерттеп, дербес шешім қабылдауға дайын болсаңыз — ETF ыңғайлырақ.
Нақты портфельде ПИФ пен ETF бірге де қолданыла алады: ETF базалық диверсификация береді, ал ПИФ белгілі бір секторды нысаналы түрде күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда Alatau City Invest-тің ПИФ-тері (harMONEY, allGA, allEM) онлайн қолжетімді және АРРФР тарапынан реттеледі, бұл пайшылар үшін қосымша қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді. Ал шетелдік ETF-терді қазақстандық брокерлер арқылы сатып алуға болады. Мысалы, Alatau City Invest қосымшасы KASE мен америкалық алаңдарға — NYSE және NASDAQ биржаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, онда екі мыңнан астам түрлі қорлар саудаланады.
Қысқаша негізгі айырмашылықтарды еске салайық (ETF vs ПИФ):
Alatau City Invest қазірдің өзінде ПИФ-тердің желісін ұсынып отыр, сонымен қатар брокерлік шот арқылы шетелдік ETF-терге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша инвестор бір қосымшада екі құралды да пайдаланып, өзіне тиімдісін таңдай алады.