Құрметті клиенттер!
«Alatau City Invest» АҚ 2026 жылғы 3 желтоқсанда ISIN KZ2C00006658 «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы отырыс өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы өтетінін хабарлайды.
Дауыс беруге «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылады.
«Борыш/Капитал» коэффициентінің шекті мәнін ұлғайту ұсынылады:
Өзгерістер Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетін арттыру және электр желілік объектілерді салу жобасын қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тарту мақсатында ұсынылады.
Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі 2026 жылғы 30 қараша сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады. Тізім жасалғаннан кейін облигациялар басқа тұлғаға сатылған жағдайда, жиналысқа қатысу құқығы облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынған жаңа ұстаушыға ауысады.
Дауыс беруге қатысу үшін бюллетеньді онда көрсетілген нұсқауларға сәйкес толтырып, қол қою қажет. Бюллетень «KEGOC» АҚ-ға 2026 жылғы 3 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін келіп түсуі тиіс.
Хабарламада бюллетеньді [email protected] электрондық поштасына жіберу немесе «KEGOC» АҚ кеңсесіне мына мекенжай бойынша қолма-қол тапсыру көзделген: Z00T2D0, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарайшық ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат. Сонымен қатар бюллетень нысанында оның қағаз түпнұсқасын көрсетілген мекенжайға міндетті түрде жіберу талабы бар. Құжаттарды жеткізу уақытын ескерулеріңізді сұраймыз.
Қатысу және бюллетеньді ұсыну тәртібі бойынша «KEGOC» АҚ-ға +7 (7172) 690-491, +7 (7172) 690-433 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Танысуға және дауыс беруге қатысуға арналған құжаттар
Төменде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми хабарлама, сондай-ақ екі тілдегі материалдар мен бюллетень нысандары орналастырылған:
Дауыс беруге қатысу үшін таңдаған тілдегі бір бюллетеньді толтыру қажет. Қалған құжаттар танысуға арналған.