Құрметті клиенттер!
Solidcore Resources plc компаниясы AIX айналымда жүрген өз акцияларын кері сатып алу туралы ұсыныс жариялады. Кері сатып алуға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады..
Ұсыныстың негізгі талаптары:
Кері сатып алу бағасы — бір акция үшін 11,66 АҚШ доллары.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы — 2026 жылғы 9 қыркүйек, Астана уақытымен сағат 11:00-ден бастап.
Өтінімді кері қайтарып алу мерзімі — 2026 жылғы 8 қазан, Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы — 2026 жылғы 12 қазан, Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін.
Нәтижелерді жариялау күні — 2026 жылғы 14 қазан.
Кері сатып алынатын акциялардың ең жоғары саны — 102 915 952 акция.
Кері сатып алу Solidcore Resources акционерлерінің 2026 жылғы 30 қыркүйекте өтетін жалпы жиналысында тиісті шешімдер мақұлданған және ұсыныстың өзге талаптары орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтінімді кері қайтарып алу мерзімі аяқталғаннан кейін берілген өтінімдерді кері қайтарып алу мүмкін болмайды, ал тиісті акциялар есеп айырысу аяқталғанға дейін бұғатталады.
Егер кері сатып алуға ұсынылған акциялардың жалпы саны белгіленген лимиттен асып кетсе, әрбір қатысушыдан сатып алынатын акциялар саны пропорционалды түрде азайтылады. Осыған байланысты ұсынылған барлық акциялардың толық көлемде сатып алынуына кепілдік берілмейді.
Ұсынысқа қатысушыларға қатысты шектеулер қолданылады. Қатысу мүмкіндігін, «Alatau City Invest» АҚ арқылы өтінім беру тәртібін және қолданылатын комиссияларды нақтылау үшін:
+7 700 026 77 11 — қоңыраулар және WhatsApp.
Solidcore Resources ұсынысының толық талаптары:
https://www.solidcore-resources.com/ru/investors-and-media/news/press-releases/08-09-2026-b/
Кері сатып алу бойынша сұрақтар мен жауаптар:
https://www.solidcore-resources.com/ru/investors-and-media/news/press-releases/08-09-2026-a/