Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №79 қаулысымен енгізілген ерекше реттеу режимінің қатысушысы ретінде «Alatau City Invest» АҚ-ның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі туралы ақпарат
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Alatau City Invest» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №79 қаулысымен (бұдан әрі – №79 қаулы) енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде брокер ретінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, «Alatau City Invest» АҚ құны криптографиялық құралдарды және (немесе) компьютерлік есептеулерді қолдана отырып құрылатын және есепке алынатын орталықтандырылмаған ақпараттық жүйедегі мәндердің құнына (құнының өзгеруіне) тәуелді болатын цифрлық активтерге (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге) арналған ETF-термен (Exchange Traded Funds) мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елеулі тәуекелдер туралы хабарлайды. Аталған мәндер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайды.
Аталған қаржы құралдарымен мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Alatau City Invest» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар ғана жасай алады.
Көрсетілген тәуекелдер мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):
• активтің құбылмалылық тәуекелі;
• реттеушілік тәуекелдер;
• қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты тәуекелдер;
• операциялық тәуекелдер;
• нарықтық тәуекелдер.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген нақты қаржы құралы бойынша мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер туралы толық ақпарат алу үшін эмитенттің және (немесе) негізгі листинг жүргізілетін қор биржасының сайтында жарияланған оның проспектісімен танысуыңызды сұраймыз.
«Alatau City Invest» АҚ-ның ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметін жүзеге асыруының шарты №79 қаулымен белгіленген цифрлық активтерге арналған ETF-тердің қор нарығындағы айналысының арнайы талаптарын сақтау болып табылады.
«Alatau City Invest» АҚ клиенттері үшін қызмет көрсету тәртібі, қызмет көрсету шарттары және тарифтер өзгеріссіз қалады.