01.09.2026
Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Alatau City Invest» АҚ АҚШ қор нарығында онлайн-мәмілелер жасау кезінде халықаралық контрагенттің ең төменгі комиссиясын бір мәміле үшін $5,5-дан $1- ға дейін төмендетті.
Жаңа шарттар онлайн-мәмілелер жасау кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және инвестициялық портфелін біртіндеп қалыптастыратын, тұрақты түрде мәмілелер жасайтын немесе шағын сомалармен инвестициялайтын инвесторлар үшін әсіресе өзекті.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап онлайн-мәмілелер жасау кезінде мынадай шарттар қолданылады:
- бір акция үшін $0,01, бірақ бір мәміле үшін кемінде $1 — халықаралық контрагенттің комиссиясы;
- мәміле сомасының 0,1%-ы — «Alatau City Invest» АҚ комиссиясы.
Халықаралық контрагенттің ең төменгі комиссиясының төмендеуі АҚШ қор нарығында көлемі шағын онлайн-мәмілелер жасау кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Шарттар мен тарифтер туралы өзекті ақпарат «Alatau City Invest» АҚ ресми сайтында орналастырылған.
Инвестициялау салынған қаражатты жоғалту тәуекелімен байланысты. Кірістілікке кепілдік берілмейді. «Alatau City Invest» АҚ қолданыстағы тарифтеріне сәйкес өзге де комиссиялар мен алымдар қолданылуы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған №3.2.239/16 лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 22 тамызда берген.