Құрметті клиенттер!
Сіздерді 2024 жылға арналған дивидендтерді төлеуді қамтамасыз ету мақсатында "ИНФИНИТУМ" мамандандырылған депозитарийі" АҚ-на қажетті деректерді (құжаттарды) ұсыну қажет екендігі туралы хабардар етеміз.
Бұл талап келесі қаржы құралы бойынша қойылып отыр:
ISIN RU0009062285, эмитент — "Аэрофлот" БАҚ, тіркеу күні — 2025 жылғы 18 шілде.
Дивиденд төлемін алу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттардың тізімі ИНФИНИТУМ компаниясының ресми сайтында келесі бөлімде орналастырылған:
«Депозитарий» → «Құжаттар» → «Шетелдік номиналды ұстаушылар мен олардың клиенттері – бағалы қағаздар иелері үшін ақпарат және құжаттар» → «Бағалы қағаздар бойынша төлем алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі».
Қажетті құжаттар тізімі:
Формы можно скачать ниже по ссылке
Құжаттар үлгілерін төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.
Назар аударатын маңызды жайттар:
Құжаттарды тапсыру тәртібі:
"Alatau City Invest" АҚ кеңсесіне құжаттардың түпнұсқаларын келесі мекенжайға жолдауыңыз қажет:
Алматы қ., Сейфуллин даңғылы 502, Turar БО, 3-қабат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 22 қыркүйектен кеш емес.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда бізбен келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:
📞 +7 707 264 4000 (қоңыраулар)
📱 +7 700 511 1000 (WhatsApp)
Біз сізге әрқашан көмектесуге дайынбыз!
Назар аударыңыз:
"Alatau City Invest" АҚ тек есепке алу ұйымдарынан алынған ақпаратты тарату функциясын орындайды және дивидендтерді төлеу мерзімдері, сомалары немесе фактісі үшін жауапты емес.
Дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді эмитенттің өзі қабылдайды, ал төлемдер тиісті депозитарийлік және есеп айырысу құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
Дивиденд төлемдеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша "ИНФИНИТУМ" мамандандырылған депозитарийі" АҚ-на немесе эмитентке тікелей жүгінуді ұсынамыз.