📉 Жұма күні АҚШ-тың қор индекстері сауда сессиясын төмендеумен аяқтады. S&P 500 индексі 1,1%-ға, ал Nasdaq 2,5%-ға төмендеп, маусым айынан бергі ең нашар апталық динамиканы көрсетті. Нарыққа ЖИ секторындағы акциялардың жаппай сатылуы қысым жасады. Бұған ЖИ инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салатын компаниялардың қарыз жүктемесіне қатысты алаңдаушылық себеп болды.
💼 АҚШ-та Character.AI стартапының банкроттық рәсімінің 11-тарауына (Chapter 11) сәйкес өтініш беруі генеративті ЖИ саласындағы қаржылық және құқықтық тәуекелдерді тағы да көрсетті. ЖИ-компаньондарын әзірлейтін компания платформаны дамытуға жұмсалатын жоғары шығындар мен сот шығындарына тап болды. Сонымен қатар Disney стартаптың зияткерлік меншігінің бір бөлігін $20 млн-ға сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.
🛢 Дүйсенбі күні таңертең Brent маркалы мұнай бағасы шамамен 2%-ға төмендеп, барреліне $107,8 болды. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты бірқатар санкциялық және тарифтік шектеулерді уақытша жеңілдету туралы шешімі әсер етті. Нарық қатысушылары ресейлік мұнай ұсынысының артуы және әлемдік энергетика нарығындағы шектеулердің әлсіреуі ықтималдығын бағалап отыр.
🛴 Қазақстандық Jet кикшеринг сервисі 2028 жылдың қорытындысы бойынша IPO өткізуді жоспарлап отыр. Компания Nasdaq немесе LSE биржаларында листинг өткізуді қарастыруда. Сонымен қатар акцияларының бір бөлігін AIX биржасында орналастыру арқылы қосарланған листинг өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.