2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан, көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына және зейнеткерлікке шығуына дейінгі мерзімге сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға құқылы.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап сіз жеке зейнетақы шотыңыздағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарыңыздың 100%-на дейін сенімгерлік «Alatau City Invest» АҚ-ның басқаруына бере аласыз.
Бұл ретте инвестициялық стратегияны таңдау зейнеткерлік жасқа дейін қалған мерзімге байланысты болады: бұл мерзім неғұрлым ұзақ болса, таңдауға болатын стратегияның тәуекел деңгейі де соғұрлым жоғары болуы мүмкін.
- Консервативті стратегия - барлық азаматтарға қолжетімді;
- Қалыпты стратегия - зейнетке шығуына үш жылдан астам уақыт қалған азаматтарға қолжетімді;
- Тәуекелді стратегия - зейнетке шығуына 13 жылдан астам уақыт қалған азаматтарға қолжетімді.
Alatau City Invest зейнетақы активтерін «қалыпты» стратегия бойынша басқарады. Жаңа нормалар күшіне енгеннен кейін Компания салымшыларға инвестициялық портфельдердің барлық үш түрін ұсынуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Компания үш инвестициялық портфельдің әрқайсысына арналған инвестициялық декларацияларды әзірлеп жатыр.
Инвестициялау нәтижесінде алынған кіріс қайта инвестицияланады. Зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялық кіріспен бірге аласыз.
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше жолмен алуға болады:
- БЖЗҚ интернет-ресурсындағы Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында. Сондай-ақ, осы сервистер арқылы зейнетақы жинақтарының сенімгерлік басқаруға берілетін ең жоғары мөлшерін анықтауға болады;
- Gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы;
- БЖЗҚ-ға жеке жүгіну арқылы. Қызмет көрсету бөлімшелерінің мекенжайлары мен жұмыс уақыты туралы өзекті ақпарат БЖЗҚ интернет-ресурсындағы «Байланыстар» бөлімінде берілген.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға (әрі қарай - ИПБ) сенімгерлік басқаруға, немесе бір басқарушы компаниядан басқа басқарушыға ауыстыру туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударады.
Салымшыларда өз зейнетақы жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы схемасына қайтару құқығы сақталады. Бұл зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан инвестициялық портфельді басқарушыға (әрі қарай – ИПБ) сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға бастапқы бергеннен кейін 12 айдан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар басқаруына берілген зейнетақы активтері бойынша заңнамада белгіленген кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістіліктің ең төменгі деңгейін анықтау тәсілі өзгерді. Бұған дейін басқарушы компаниялардың нәтижелері өзара салыстырылатын. Қазір әрбір инвестициялық портфельдің нәтижесі тиісті инвестициялық стратегия үшін реттеуші орган белгілеген құрамдас индекстің нәтижесімен салыстырылады.
Кірістіліктің ең төменгі мөлшері тиісті құрамдас индекстің нәтижесіне байланысты есептеледі:
- консервативті портфель үшін – Ki (12) индексінің нәтижесінің 95%-ы;
- қалыпты портфель үшін – Ki (36) индексінің нәтижесінің 90%-ы;
- тәуекелді портфель үшін – Ki (60) индексінің нәтижесінің 85%-ы.
Басқару нәтижелері таңдалған стратегияға сәйкес келетін кезең бойынша, яғни қатарынан 12, 36 немесе 60 ай ішінде бағаланады. Егер осы кезеңде зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен болса, басқарушы компания айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.
Кірістіліктің ең төменгі деңгейін айқындау кезінде портфельдің түріне қарай тиісті құрамдас индекс алынады:
Консервативті портфель Ki (12):
- 10% – KASE индексі;
- 60% – KZGB_DPs индексі (Қазақстан Республикасының 1 жылға дейінгі мерзімдегі мемлекеттік бағалы қағаздары);
- 10% – MSCI ACWI индексі (акциялар жаһандық нарығының индексі);
- 20% – Bloomberg Global Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі (АҚШ долларында хеджирленген жаһандық облигациялар нарығының индексі).
Қалыпты портфель Ki (36):
- 20% – KASE индексі;
- 20% – KZGB_DPm индексі (Қазақстан Республикасының 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімдегі мемлекеттік бағалы қағаздары);
- 40% – MSCI ACWI индексі (акциялар жаһандық нарығының индексі);
- 20% – Bloomberg Global Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі (АҚШ долларында хеджирленген жаһандық облигациялар нарығының индексі).
Тәуекелді портфель Ki (60):
- 20% – KASE индексі;
- 10% – KZGB_DPl индексі (Қазақстан Республикасының 5 жылдан астам мерзімдегі мемлекеттік бағалы қағаздары);
- 60% – MSCI ACWI индексі (акциялар жаһандық нарығының индексі);
- 10% – Bloomberg Global Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі (АҚШ долларында хеджирленген жаһандық облигациялар нарығының индексі).
Осылайша, басқарушы компания алдын ала белгіленген немесе оң кірістілікке кепілдік бермейді. Бұл ретте басқарушы компания басқару нәтижесінің тиісті инвестициялық стратегия үшін белгіленген кірістіліктің ең төменгі деңгейінен едәуір төмен болуына байланысты туындайтын теріс айырманы өтеуге жауапты.
Мысалы: түсінікті болуы үшін нәтижелері 3 жыл (36 ай) бойынша бағаланатын қалыпты стратегияны қарастырайық. Егер осы кезеңде құрамдас индекс 20%-ға өссе, кірістіліктің ең төменгі деңгейі 18%-ды құрайды (20% × 90%). Егер осы кезеңдегі басқарушы компанияның кірістілігі 15% болса, 3 пайыздық тармақ мөлшеріндегі айырма оның өз капиталы есебінен өтелуге тиіс.
Зейнетақы жинақтарын басқару жөніндегі шарттың негізгі талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Шарттардың талаптарымен, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі туралы ақпаратпен БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы «Қызметтер» → «Сенімгерлік басқаруға беру» → «ИПБ тізілімі» бөлімінен танысуға болады.
Заңнамада белгіленген талаптар зейнетақы активтерін басқару тәртібін, ең төменгі кірістілікке қойылатын талаптарды, инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ басқарушы компаниялардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезінде ИПБ заңнамада белгіленген талаптар мен жауапкершілікті сақтауға тиіс. Егер ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алған кірістілігі белгіленген ең төменгі кірістіліктен төмен болса, жетіспеген сома ИПБ-ның өз капиталы есебінен өтеледі.
«Alatau City Invest» АҚ инвестициялық қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты:
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы Жеке кабинеттен, мобильді қосымшасынан, сондай-ақ электрондық үкімет сервистері арқылы;
- БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz және enpf.kz ақпараттық ресурстарындағы «Статистика және талдау» → «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» → «Инвестициялық қызметке шолу және зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімінде әрбір инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) бойынша ақпарат жеке орналастырылады;
- «Alatau City Invest» АҚ-ның ресми интернет-ресурсындағы «Зейнетақы активтерін басқару» бөлімінен алуға болады.
Зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының (әрі қарай - ИПБ) сенімгерлік басқаруына бастапқы аударғаннан кейін кемінде 1 (бір) жыл өткен соң қайтадан аударуға болады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.
Зейнетақы активтері басқарушы компанияның өз активтерінен бөлек есепке алынады және компанияның балансына кірмейді. Бағалы қағаздардың есебі мен сақталуын тәуелсіз банк-кастодиан және Орталық депозитарий қамтамасыз етеді. Ал шетелдік бағалы қағаздар бойынша халықаралық депозитарлық инфрақұрылым (Euroclear) арқылы жүзеге асырылады.
Тіпті басқарушы компания дефолтқа ұшыраған жағдайда басқаруға берілген зейнетақы активтерінің сақталуына кепілдік беріледі, өйткені олар басқарушы компанияның өз активтерінен бөлек есепке алынып, бөлек сақталады.
Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін ең төменгі сома белгіленбеген. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Зейнетақы активтерін басқарғаны үшін бөлек комиссия алынбайды. Компания инвестициялық кірістің 5%-ын сыйақы ретінде алады. Мысалы, портфельдің кірістілігі 15% болған жағдайда, Компанияның сыйақысы инвестициялық кірістің 0,75%-ын құрайды (15%*5%=0,75%).
Қазіргі уақытта «Alatau City Invest» АҚ БЖЗҚ салымшыларына инвестициялық портфельдің «бірқалыпты портфель» түрін ұсынады. Бұл портфельдің бенчмаркіне жаһандық акциялар индексі (40%), жергілікті акциялар индексі (20%), Қазақстанның мемлекеттік облигациялары индексі (20%) және жаһандық облигациялар индексі (20%) кіреді.
«Бірқалыпты портфельдің» бенчмаркі ұзақ мерзімді инвестициялауға және активтерді әртараптандыруға бағытталған. Зейнетақы активтері облигацияларға, акцияларға, ақша нарығының құралдарына және халықаралық биржалық қорларға инвестицияланады. Портфельді қалыптастырғанда кірістілікпен бірге тәуекел деңгейі, валюта бойынша бөлінісі, өтімділігі және инвестициялардың елдер мен өңірлер бойынша бөлінуі ескеріледі.
Алдағы уақытта «Alatau City Invest» АҚ БЖЗҚ салымшыларына «консервативті» және «тәуекелді» стратегиялар бойынша тағы екі инвестициялық портфель ұсынуды көздеп отыр. Осылайша, салымшылар өздерінің инвестициялық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекел деңгейіне деген көзқарасына қарай портфельді таңдай алады.
Жоқ. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару процесі қаражат алумен байланысты болмағандықтан, активтерге салық салынбайды.
Жоқ. Әрбір салымшының зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да жеке есепке алынады. «Alatau City Invest» АҚ инвестициялық портфельді басқарушы ретінде зейнетақы активтерін БЖЗҚ-дан жиынтық сомамен алады. Компанияда нақты салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат болмайды.
Осыған байланысты «Alatau City Invest» АҚ-ның Жеке кабинетінде басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық кіріс туралы жеке ақпарат көрсетілмейді.
Басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс туралы толық ақпаратты:
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы Жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшасынан;
- электрондық үкімет сервистері арқылы алуға болады.
Инвестициялық портфельдің құрылымы, инвестициялық қызметтің нәтижелері мен өзгерістері туралы ақпарат БЖЗҚ-ның ақпараттық ресурстарында және Компанияның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
